Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 85
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
22
март
2022
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
      Алматы қаласы Білім басқармасы оқушылар сарайында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде Тлеужанова Дильназ белсенділік көрсетіп, марапатталды. Ұлттық мерекеміздің қадір-қасиетін бойына сіңірген ақылды қызымыз әз-Наурызды махаббатпен ұйымдастырып, қала көлеміндегі іс-шараға ұйытқы болды. Алдағы уақытта жанынан тек жақсы адамдар табылып, игі істің басында жүрер басшы болуына тілектеспіз.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
18
март
2022
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен
    Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
18
март
2022
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
    Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
16
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
       Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 14-15 наурызда жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтерінің арасында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауында ГРАН-ПРИ иегері атанған, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Нукарбан Бексұлтан Нұрланұлын жеңісімен құттықтай отырып, алда болатын қалалық байқауда асығының алшысынан түсуіне тілектеспіз. Қоржыныңыз жеңіспен майланып, жұлдызыңыз жарқырай берсін!!!