Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 82
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің география пәнінен 9-сынып оқушысы Алтынов Ерхан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетер жетістігіңіз көбейе берсін. Елдің атын шығарар азамат болыңыз. Сәттілік!
Қазақ күресінен мектепішілік жарыс
16
апрель
2022
Қазақ күресінен мектепішілік жарыс
      Сәуірдің он алтысы күні 1-5 сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай қазақ күресінен жарыс өтті.  Жарыстың нәтижесінде  +21 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Жеңісхан Досжан 2 «Ә» сыныбы, 2-орынды Шайшан Нұрмұхамет  1 «В» сыныбы және 3-орынды Аңсаған Ален 1 «А» сыныбы иеленді.      +26 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Абдіғали Абдуазиз 3 «Д» сыныбы, 2-орынды Кенжетай Жәңгір  2 «Б» сыныбы және 3-орынды Сағатбек Алихан 5 «В» сыныбы
7-8-сынып оқушыларының арасында мектепішілік футболдан жарыс
16
апрель
2022
7-8-сынып оқушыларының арасында мектепішілік футболдан жарыс
     Сәуірдің он алтысы күні мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай 7-8-сынып оқушыларының арасында футболдан жарыс өтті.  1-орынды 8 "Е" сыныбы, ІІ орынды  8"Д" сыныбы, ІІІ орынды 8 "А" сыныбы иеленді. Ептілік пен жылдамдықты бойына жинаған жігіттерімізге жетістіктеріңіз көбейе берсін дегіміз келеді. Тек алға!
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауы
13
апрель
2022
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр»
     Ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушыларының арасында өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауында Жадыра Аделя І орынмен, Қамбар Назерке ІІ орынмен, Рахымжан Тоғжан ІІІ орынмен марапатталды. Оқу орталығының жүлдегерлерге арнаған ең маңызды сыйлығы кез келген қызметті (тіл үйренуді) тегін ала алады. І орын алған Аделя ағылшын тілін 1 ай тегін үйренуге жолдама алды. Ал Назерке 50% және Тоғжан 30%
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
13
апрель
2022
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
    Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионатта І орын алған шәкіртіміз Шарипова Алманы жеңісімен құттықтаймыз! Бағындырар белесің таусылмасын!
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс
12
апрель
2022
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан
     Гимназиямызда 3, 4, 5-сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш жарыстан ІІІ орынды Маханов Дарын, ІІ орынды Нұрбай Айша, І орынды Келербек Бексұлтан иеленді. Логика мен есепке сүйенетін, ойлану мен батылдықты талап ететін тоғызқұмалақтан алар тоғыздарыңыз көбейе берсін. Өмір жолдарыңызда септігі тиер серік болсын. Сіздерге даналық пен даралық тілейміз.
“Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында география пәні мұғалімдерінің сьезі өтті
11
апрель
2022
“Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас”
    “Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында география пәні мұғалімдерінің сьезі өтті. Сьезге мектебіміздің ұстазы  Қарғабаева Ләззат Төлеуқызы қатысты. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздармен бір мақсатта ой өрбітіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Жобасын қорғап, жол салған ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз.
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай волейболдан мектепішілік жарыс
11
апрель
2022
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай волейболдан
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Тартысқа толы спорттық жарыста ІІІ орынды 9 "Г" сыныбы, ІІ орынды 9 "Е" сыныбы, І орынды 9 "Ә" сыныбы иеленді. Ауызбіршілікпен бір командада ойын жүргізген әрбір қатысушыға алғыс білдіреміз. Бағындырар белестеріңіз таусылмасын.
«Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында сынып сағаттары өтті
09
апрель
2022
«Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында сынып сағаттары өтті
     М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 1-11 – сынып оқушылары арасында бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты балалардың білімдерін нығайту, ғаламтор туралы толық ойларын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақта ғаламтордың пайдасы мен зияны сараланып, ақпарат көздерінің ақ пен қарасын ажырату, тиімді пайдалану сынды мәселелер көтерілді.
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
09
апрель
2022
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
    Сәуірдің 9-ы күні мектебімізде «Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы толық мектеп ауласына шығып, тазарту жұмыстарымен айналысты. Ағаштар әктеліп, гүлдер егіліп, жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.