Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 75
11-сынып оқушыларына арналған жиналыс
22
август
2022
11-сынып оқушыларына арналған жиналыс
     Кешегі аптаның маңызды күні 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс болды. Жиналысқа оқушылармен бірге ата-аналары да қатысты. Үлкен өмірге аяқ басқан әрбір оқушының алдағы дайындықтары мен белсенділіктері туралы айтылды. Сынып жетекшілері Жанар Ерденқызы, Гүлзағира Қазтайқызы, Ұлпан Оразбекқызы, Айжан Құспандиярқызы шәкірттеріне тілектерін жеткізіп, сәттілік тіледі.   Шәкірттің жеңісі – ұстаздың жемісі. Ендеше, биылғы түлектер мен ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Директор жанындағы кеңес
16
август
2022
Директор жанындағы кеңес
     2022 жылдың 16-тамызы күні жаңа бір оқу жылының алдында кезекті еңбек демалысынан шыққан М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұстаздары 2022-2023 оқу жылының алғашқы директор жанындағы кеңесінде бас қосты. Кеңесте түрлі мәселелер талқыланып, 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері сөзге тиек етілді. Жаздай ұстаздар қауымында болған қуаныштар құттықталып, қуанышымен қатар келер қайғылы хабарларға көңіл айтылды.
«Алматы инста премия 2022» жобасы
15
август
2022
«Алматы инста премия 2022» жобасы
   15 тамызда өткен Алматы қаласының блогерлері мен тик-токерлеріне арналған мерекелік кештің қонағы болған гимназия ұстазы Сафура Сәлімбайқызы «Алматы инста премия 2022» жобасында «Ұстаздардың ұстазы» номинациясымен марапатталды. Ағартушылық жұмыстарымен инста әлемде де белсенділік танытып, оқырмандарымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген апайымызға шығармашылық шабыт тілейміз. Оқырмандарыңыздың ыстық ықыласына бөленіп, бақытты сәттердің куәгері атана беріңіз!  
Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыста
15
август
2022
Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыста
     Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыстарға мектеп оқушылары белсене қатысып, спорттық түрлі ойындардан топ жарып, жасыл алаңнан жүлделі оралды. Шәкірттерімізге үлкен рақмет. Шымыр болар сіздердей оқушыларымыз көбейе берсін.
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында өткен мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі
13
август
2022
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер,
     «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында өткен мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде сөз сөйлеп, ой білдірген, маңызды мәселелерді қамти отырып, құнды пікірлерімен көпшіліктің көңілінен шыққан Темурбаева Сафура Сәлімбайқызына шығармашылық шабыт тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін. Оқу-ағарту саласына қосар үлесіңіз көбейе берсін.
Республикалық тарихшылардың «Білімнің басты құндылықтары: терең білім, еңбекқорлық пен отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен тамыз кеңесі
12
август
2022
Республикалық тарихшылардың «Білімнің басты құндылықтары: терең
   Республикалық тарихшылардың «Білімнің басты құндылықтары: терең білім, еңбекқорлық пен отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен тамыз кеңесінің панельдік секцияларында №140 гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы «Құндылыққа бағдарланған тәсіл негізінде білім алушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту» тақырыбы аясында сөз сөйледі. Маңызды мәселелермен мағыналы ой айтып, пікір білдірген Дәурен Наурызбайұлының әр сөзі құнды болды. Сөз саптауы мен
«Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысы
09
август
2022
«Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысы
     «Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысында І орын жеңіп алған №140 гимназияның командасын жеңісімен құттықтаймыз. Қолдан жасаған бұйымдарымен көпшіліктің көңілінен шыққан оқушыларымызға өнерлеріңіз өрге жүзе берсін дегіміз келеді.