Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 49
Мектеп - қауіпсіз білім ордасы
10
март
2023
Мектеп - қауіпсіз білім ордасы
Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында  5-11 сынып оқушыларымен «Мектеп –қауіпсіз білім ордасы» тақырыбында гимназия директоры , педагог-психологтардың қатысуымен   жалпы  жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында  сынып және мектеп ережелері  талқыланды. Оқушыларға «буллинг» , «кибербуллинг» түсініктері түсіндіріліп, оны болдырмау туралы кеңестер берілді. Сенім телефондары, сенім жәшіктерінің орналасуы және Бала қорғау бойынша QR кодтары туралы ақпарат айтылды.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
10
март
2023
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" әдеби-поэзиялық кешінен…Мұқағали мектебінің шәкірттері мен Біржан Сәрсенқожаұлы керемет өнер көрсетіп қайтты. Айкүміс Сайлауханқызы арнайы қонақ ретінде шақырылып, сөз алды. Өлең оқып, ән айтып, кештің сәнін келтірген мақтаныштарымыз😍
Оқушыларымыздың жетістіктері
10
март
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері
8 Б сынып оқушылары Төлеубек Мұхамеджан мен Тастыбай Батырхан Тараз қаласында өткен бокстан 2-ші орын, Мұхаммади Әлнұр 3-ші орын жүлдегері атанды. ЖАРАЙСЫЗДАР!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  
Менің анам - әлемдегі асыл жан
09
март
2023
Менің анам - әлемдегі асыл жан
№4 кітапханада өткен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған “МЕНІҢ АНАМ - ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АСЫЛ ЖАН” атты эссе-байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленген шәкәрттерімізді құттықтаймыз! Жарайсыздар!
Аналар - асыл жандар
08
март
2023
Аналар - асыл жандар
8-наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай 8 "А", 8 "Б", 8 "Д" сынып оқушылары аналарына, ұстаздарына арнап әсем кеш қойды. Кеште оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Балаларының өнеріне тәнті болған аналар қуанып тарқасты.
Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
07
март
2023
Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
5-11 сынып оқушылары арасында "Ел ертеңі - есірткісіз болашақ" атты тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатында есірткінің таралу жолдары, оның зияны, салдары жайлы толық ақпарат айтылды. Есірткіден сақтану керек екендігі ескертілді. Темекі шегу, синтетикалық заттарды қолдану секілді зиянды заттардан аулақ болу керекекендігіде айтылып,мағұлмат берілді.