Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 40
Жеңіс күні
08
май
2023
Жеңіс күні
9 мамыр Жеңіс күніне орай ардагерлерімізді құттықтап қайттық. Мектебіміздің еріктілер ұйымының мүшелерімен бірге ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-сияпатымызды көрсеттік.  Жеңіске себепкер болған әр батырға тағзым етеміз, олардың ерліктерін еш ұмыт қалдырмаймыз. Жеңіс күні құтты болсын!
Инженерлік старт
05
май
2023
Инженерлік старт
Алматы қаласындағы инженерлік компаниялармен бірлескен Алматы қаласының физиктер қауымдастығы ұйымдастырған “Инженерлік старт” мектеп оқушылары жобаларының байқауы - физика, математика, информатика және экология, экономика, сәулет және қоршаған ортаны жобалауға, көлікте және өнеркәсіпте қолдануға байланысты пәнаралық тақырыптар бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу, шығармашылық және практикалық жобаларының ашық конкурсынан Көшеген Мақсат жетекшілігімен 10 "А" сынып оқушысы Алтынбек Кенже
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген іс-шара
05
май
2023
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген іс-шара
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 7 “Г” сынып оқушылары мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Көңілді ән салып, қуаншты көңіл-күй сыйлады. Әке, ағалар, аталар концерт көріп, балаларына ақ тілектерін жаудырды. Ән салып, би билеп, бар өнерлерін ортаға салған оқушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Сынып жетекшісі Шәкібаева Әслехан Әлқуатқызы
Республикалық олимпиада
04
май
2023
Республикалық олимпиада
Өскемен қаласында республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадада шәкіртіміз Нүсіпбек Тоғжан I орын иегері атанды. Тамаша! Құттықтаймыз! Жетекшісі: Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы
Жалпыұлттық диктант
04
май
2023
Жалпыұлттық диктант
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсанындағы №22-32-18.454 тапсырмасымен 4 мамыр күні “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
04
май
2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 6,7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. I орынды 6 “А” сынып, II орынды 7 “Б” сыныбы, III орынды 7 “Ж” сынып оқушылары иеленді. “ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Жомарт Алихан, “ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ” номинациясымен 7 “Б” сынып оқушысы Ілияс Ерасыл, “ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Амиржанов Абзал марапатталды.  
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
03
май
2023
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
6 “Б” сынып оқушысы Жанат Айару “Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау” бойынша “Qabilet” қызметімен бірігіп қалалық диагностикалық тестілеудің II кезеңін табысты аяқтады. Сынып жетекшісі Асыл Асқарқызы "Алғыс хатпен" марапатталды. Құттықтаймыз!!!