Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 26
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар..."
02
октябрь
2023
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар..."
7 "Д" сынып оқушысы Ахмет Батырхан Дәулетұлы таеквондадан (WT) "Алаш" спорт клубының балалар және жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирінде 12-14 жас аралығында 45 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді.
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
30
сентябрь
2023
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
Ұстаздар күні қарсаңында өткен айтыс аламанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимов Алтынбек жүлделі 2-орынды иеленді.  Өлеңіңмен өрнектедің  таң алаңда, Оза шауып орын алып аламанда. Мұқағали мектебінің мәртебесін, Көтеріп көңілді еттің даралана.
"Ұстаз - ұлы есім"
29
сентябрь
2023
"Ұстаз - ұлы есім"
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздік қызметкері, "Құрмет" орденінің иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы жайлы билборд Алматы қаласының Жароков және Басенов көшелерінің қиылысына ілінді.
"Мәдениет майталманы"
29
сентябрь
2023
"Мәдениет майталманы"
Қазақстан Республикасының Қоғам белсіндісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі, әнші, музыка пәні мұғалімі Ермек Берекет Теміртайұлы Қазақстан Республикасының ӘДІЛЕТ  министрлігі, Қоғамдастық Қоғамының қайраткерлері марапат бөлімінің шешімімен  "Мәдениет майталманы" төсбелгісімен марапатталды. 
"Алматының үздік мұғалімі"
29
сентябрь
2023
"Алматының үздік мұғалімі"
М.Мақатаев атындағы 140 гимназияның тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы "Алматының үздік мұғалімі" конкурсына белсене атсалысқаны және білім саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеп, дарынды да талантты, шығармашыл жастарға ұлағаттылықтың жолында сіңірген еңбегі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталоды. 
"Қызықты география әлемінде..."
29
сентябрь
2023
"Қызықты география әлемінде..."
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-сынып оқушылары Төлеу Ерасыл мен Абай Айқын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушыларымен бірге «Жергілікті аумақтағы халық тұтынушы судың сапасын талдау» тақырыбында  тәжірибе жүргізді. 
Бос орынға конкурс жарияланады!
29
сентябрь
2023
Бос орынға конкурс жарияланады!
«М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ 050046, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 233 Тел.Факс: 376-44-88 school140_ Ағылшын тілі пәнінен (1 мөлшерлеме) вакансиясы бойынша бос орынға конкурс жарияланады. Жұмыс істеу типі: толық жұмыс күні. Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі №338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 64-65 т. сәйкес. Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы
"Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті"
29
сентябрь
2023
"Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті"
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның "Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті" болып сайлау қорытындысы бойынша  10 "Г" сынып оқушысы Орынбасар Әділет сайланды. Сайлауға түскен Аубакир Абзал, Бармақбаев Рамазан, Мейірқұл Әліби, Ыдырыс Айдын министрлер ққұрамын толықтырды.