Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 19
"Ұлттық мектеп лигасы"
05
октябрь
2023
"Ұлттық мектеп лигасы"
Ұлттық мектеп лигасы аясында Бостандық ауданының 7-8-сынып оқушылары арасында өткен "Былғары доп" жарысында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның футбол командасы ІІІ орынды иеленді.
"Құрмет төріндегі қос ұстаз..."
05
октябрь
2023
"Құрмет төріндегі қос ұстаз..."
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Исхакова Базаркүл Кемелбайқызы мен Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызы жоғары педагогикалық шеберлігі мен өскелең ұрпақты оқытудағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Бостандық ауданы әкімінің өкіміне сәйкес "Құрмет" грамотасымен марапатталды.
Республикалық педагогтер съезі
04
октябрь
2023
Республикалық педагогтер съезі
Астана қаласында республикалық педагогтер съезі өтіп жатыр. Мектебіміздің білікті ұстазы Дәурен Наурызбайұлы осы съезге қатысып жатыр.  Мұндай іс-шара 2005 жылдан бері өткізілмеген. Қазақстанның оқу-ағарту жұмыскерлері мен ғалымдарының съезі алғаш рет 100 жыл бұрын 1924 жылы өткен. Оның жұмысына мемлекеттің көрнекті қайраткерлері, "Алаш" партиясының жетекшілері қатысты. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында мұғалімдер съезі 1998 және 2005 жылдары өткізілді.
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар..."
02
октябрь
2023
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар..."
7 "Д" сынып оқушысы Ахмет Батырхан Дәулетұлы таеквондадан (WT) "Алаш" спорт клубының балалар және жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирінде 12-14 жас аралығында 45 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді.
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
30
сентябрь
2023
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
Ұстаздар күні қарсаңында өткен айтыс аламанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимов Алтынбек жүлделі 2-орынды иеленді.  Өлеңіңмен өрнектедің  таң алаңда, Оза шауып орын алып аламанда. Мұқағали мектебінің мәртебесін, Көтеріп көңілді еттің даралана.