Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 132
"Алтын жүрек анамыз" атты аудандық көркемсөз байқауы
01
февраль
2020
"Алтын жүрек анамыз" атты аудандық көркемсөз байқауы
"Алтын жүрек анамыз" атты аудандық көркем сөз байқауында 9 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Таңнұрым 2 орынға ие болды.
"Халқыма сүйіспеншілігімді бердім"
29
январь
2020
"Халқыма сүйіспеншілігімді бердім"
2020 жылдың 29 қаңтар күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Халқыма сүйіспеншілігімді бердім" тақырыбында Абай Құнанбаев шығармашылығы бойынша байқау өтті. Байқауға аудан мектептерінен 125 оқушы қатысты. Аламан бәйге соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен, грамоталармен марапатталды. Қатысушылар ақын шығармашылығымен танысып, сөз өнерінің құдіретімен сусындап, рухани шабыттанды.
”Құдіретті жырдың құндылығы”атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығы
29
январь
2020
”Құдіретті жырдың құндылығы”атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығы
”Құдіретті жырдың құндылығы”атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығы бойынша география пәнінің мұғалімі Мирзабекова Ұлпан квест ойындарын өткізді.
«Халықаралық интернетсіз бір күн»
24
январь
2020
«Халықаралық интернетсіз бір күн»
2020 жылдың 20.01 М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда  «Халықаралық интернетсіз бір күн » атты сынып   сағаты  өткізілді.  Аталмыш сынып сағатының мақсаты:  "Өскелең ұрпақтың ғаламтор желісіне тәуелді болмауы және оның алдын алу шарасы, парасатты  жастарды тәрбиелеп, жастардың бойында ұлттық мәдениетті қалыптастыру".  Сынып сағатында интернетке тәуелді болудың зияны мен зардаптары туралы айтылды, осы тақырыпта бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар өзара пікір алмасты.
"МҰҚАҒАЛИ - МӘҢГІЛІК ЖЫР" АЙЛЫҒЫ
09
январь
2020
"МҰҚАҒАЛИ - МӘҢГІЛІК ЖЫР" АЙЛЫҒЫ
М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 2020 жылдың 9 қаңтары күні М. Мақатаевтың туған күніне "Мұқағали - мәңгілік жыр" атты айлықтың ашылу салтанаты өтті. Бір ай көлемінде өтетін айлық барысында түрлі шаралар өткізу жоспарлануда.
Көкжиек республикалық білімділер сайты
30
декабрь
2019
Көкжиек республикалық білімділер сайты
"Көкжиек" Республикалық білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткізілген 1-11 сынып оқушыларына арналған шығармашылық байқауда шәкірттеріміз жүлделі орыннан көрінді.