29
май
2024
Мектеп жанындағы лагерьде 8 -сынып оқушыларының жұмысы (кәсіптік бағдар беру)
28 сәуір күні гимназиямыздың “Профориентация” бағыты бойынша 8-сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлу Амангелдіқызының жетекшілігімен Алматы технологиялық және экономикалық колледждің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, колледж қабырғасында оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат алып қайтты. Бұл колледж «Есеп және аудит», «Банк және сақтандыру ісі», «Менеджмент », «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Машиналар мен жабдықтарды қамтамасыз ету», «Нан пісіру,макарон және кондитер өндірісі» т.б көптеген білікті жұмысшы кадрларды дайындайды. Талапкерлерді маусымның 25-нен бастап қабылдайды.






