Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Гимназия жетістіктері

Автор: admin3 от 30-09-2018, 10:29, посмотрело: 44

0
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия жетістіктері
Гимназия жетістіктері
Гимназия жетістіктері
Гимназия жетістіктері

• 2016 жылдың 15 қыркүйегіндегі Алматы қаласы Әкімі Б.Қ.Байбектің 2016 жылдың 16 қыркүйегіндегі №3/448 бұйрығы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді.
• Мұзбалақ ақынның есімімен аталатын №140 гимназияда М.Мақатаевтың 80 -85 жылдығын жоғары деңгейде өткізді;
• 2015 жылы Алматы қаласы бойынша «Үздік білім беру ұйымы» атағын жеңіп алды;
• Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымы-2015» байқауында ІІ дəрежелі дипломмен марапатталды;
• Ақынның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында 25 жылдық тарихын тойлайтын мектеп-гимназияның өмірінен сыр шертетін, ұстаздар мен шəкірттердің табысты жұмысын паш ететін «Мектебім - білім ордасы» атты кітап жарық көрді;
• Қос мерекенің қарсаңында гимназия оқушыларының арнайы күнделігі жарық көрді;
• 2016 жылы «Білім беру ұйымдары арасындағы көркемөнерпаздар байқауында» І орынды жеңіп алды.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия көптеген толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. 2016 жылы «Үздік білім беру ұйымы», 2016 жылы «Дарынды балаларға арналған үздік білім беру ұйымы», 2017 жылы «Үздік білім беру ұжымы» байқауының жеңімпазы атанды.
Гимназия түлектері де ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішті көрсетіп, мектеп мерейін асқақтатып отыр. Бүгінгі таңда осы мектепті бітірген түлектердің бірі журналистика, бірі өнер, енді бірі спорт, медицина салаларында еңбек етіп жүрген ел мақтаныштары. Бүгінде оқушылары халықаралық, республикалық, қалалық білім жарыстарына қатысып, жүлдемен келіп жүр. Жаһандану заманында білім алудың қандай да бір тиімді жолдары болса, сол жолда өз шәкірттерінің көрінуіне жағдай жасап отыратын жанашыр басшының басты мақсаты – білім жолында шәкірттердің ізденуіне жан-жақты бағыт беру.
ҰБТ-ға дайындаған оқушылары соңғы 3 жылда жоғары балл көрсетіп келе жатқан тарих пәні мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлын ерекше атап өтуге болады. Өткен оқу жылында ҰБТ тапсыруда үш оқушысы үш пәннен 100 балды жинады. Жас та болса жан-жақты, ізденімпаз ұстаз бүгіннің өзінде тест жинақтары мен кітаптың авторы. Бұл – өте жоғары жетістік.
2017 жылы жаңа форматтағы ҰБТ тапсыруда түлектер 140 мүмкіндіктің 125 орта балын көрсетті. 100-ге тарта шәкірт аудан, қала, республика көлемінде түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. 2016-2017 оқу жылында жаңа форматтағы ҰБТ тапсыруда республика бойынша 140 балдан 139 балл жинаған бір ғана түлек болса, ол біздің гимназияның оқушысы - Тасан Саят.
Ұстаздарымыз – «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздік қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Лидер образования», «Үздік педагог», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегерлері. Жыл сайын Тамыз мәслихатында, мектепішілік, аудан, қала, республика көлемінде өткен семинарларда жаңа үлгіде коучинг, шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.
Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, жаңашыл ұстаз Темурбаева Сафура Сәлімбайқызының да еңбегі республикаға танымал. Үздік сынып жетекшілері ретінде бала жанын терең түсіне білетін шебер ұстаздар Құсайынова Гүлмира, Бектұрсынова Ұмсынай, Әбдібаева Шолпан, Қасабаева Зухра, Әміреева Гүлмира, Тұрымбетов Нұрғали, Қасымбекова Жанарды атап өтуге болады. Шәкірт тәрбиелеуде жанын салып еңбек ететін осындай ұстаздарымызбен мақтанамыз.















Категория: Наши достижение

 

Дарынды оқушылар

Автор: admin3 от 2-11-2016, 08:33, посмотрело: 480

0 Дарынды оқушылар
Дарынды оқушылар
Дарынды оқушылар

Категория: Наши достижение