Мектеп тарихы

Автор: admin3 от 17-09-2018, 10:17, посмотрело: 37

0
     Мектеп тарихы
    1990 жылы іргетасы қаланған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия Алматы қаласындағы №65 орыс тілді мектептен халық депутаттары қалалық Советі Атқару комитетінің шешімімен бөлініп ашылды. Мектеп-гимназияда мектеп директоры қызметін 1990-1993 жылдар аралығында Қарлығаш Оразқызы Ұзақова, 1993-1994 оқу жылында Мариям Есжанқызы Демеуова, 1994-2001 жылдар аралығында Талғат Шайхисламұлы Баймұхамбетов, 2001-2006 жылдар аралығында Əкімжан Əбдіхалықұлы Сайлыбаев, 2006-2008 жылдар аралығында Жанас Нұртілеуұлы Салпынов атқарды. Бұл басшылардың игі бастамалары бүгінгі күнде жалғасын табуда. «Өмір – өзен, тоқтамайды ағысы» демекші, содан бері 25 жыл жөңкіп өте шығыпты. 1996 жылға дейін математика-физика, химия-биология пəндерін тереңдетіп оқытып. келген мектеп-гимназияда 1997 жылдан бастап математика, ағылшын, физика, қазақ тілі пəндері тереңдетіліп оқытылатын сыныптар ашылды. Тіл өнерінің құдіретін таныған, ойын өлеңмен өріп, күллі жұрттың жүрегіне жол тапқан, ақиық ақын М.Мақатаев атындағы №140 гимназия 25 жылдық тарихында көптеген шəкірттерді, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін, түрлі байқаулардың жеңімпаздарын тəрбиелеп ұшырды. Ширек ғасырға татитын осы жылдар аралығында №140 гимназия кешенді даму жоспарын жасап, талай игі істерге ұйытқы болды. Ұлы ұстаз əл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек. Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» деген сөзінде терең мағына жатыр. Жас жеткіншектерге білім беруде ұстаздар осынау даналық сөзді басшылыққа ала отырып, əрбір баланы бір жұлдызға балап, жарқырауына жəрдем беруге тырысты. Мектеп-гимназия шəкірттері – түрлі аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық, ғылыми жоба, пəн олимпиадаларының, түрлі танымдық байқаулардың жеңімпаздары. «Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок», «British Bulldog», «Зерде» ғылыми жобалар байқауы, «Шексіз математика» халықаралық турнирі, «Пифагор», «Да Винчи», «Жарқын болашақ», «Tetra CUP», «Олимпийские ступени», «МЛДВ», «Ақберен», «Менің мектептегі мұражайым» байқауларының, Абай, Мұқағали, Фариза, Оралхан, Ілияс, Мағжан, Шəкəрім оқуларының жүлдегерлері. Қалалық, республикалық, халықаралық, ғылыми жоба, пəн олимпиадаларының жүлдегерлері атанған гимназия оқушылары - «Үркер» төсбелгісінің иегерлері. Мектеп тарихында алтын əріптермен жазылатын толқуға толы, ерекше сəттер көп.  2015 жылы «Үздік білім беру ұйымы» атағын жеңіп алған мектеп-гимназияның бағындырған белестері мен алған асуларында, жеткен жетістіктерінде іргетасын қалаған гимназия ұстаздарының, «Ұстаз-Оқушы-Ата-ана» үштігінің гимназияның ардагер ұстаздарының еңбегі өлшеусіз .
шаблоны для dle

Категория: История школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.